22.11.2017, 21:40
Оқылды: 87

Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі өңір мектептеріне енгізілмек

received_10210490689115912Облыс әкімдігінде жаңартылған білім мазмұнына арналған жиын өтті. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов пен «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ-ның басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова қатысты.

Жиынды ашқан облыс басшысының айтуынша, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша ашылған Назарбаев зияткерлік мектептері әлемдік тәжірибені қолданып отырған республикамыздағы алдыңғы шептегі білім ұялары екен. Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінен білім алғандар да далада қалып жатқан жоқ. Олар елімізді айтпағанда, әлемнің белді оқу орындарында оқып жүр.
-Біздің алдымызда тұрған міндет - Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін өңіріміздегі барлық білім ұясына енгізу. Осы мәселе бойынша жұмыстану мақсатында Күләш Шамшидинованы облысымызға арнайы шақырдық. Біздің шақыруымызды қабыл алғаныңыз үшін Күләш Ноғатайқызына ризашылығымды білдеремін,-деді Алтай Сейдірұлы.

Өз кезегінде сөз алған мәртебелі мейман жаңартылған білім мазмұнының мәні мен маңызы жөнінде баяндады. «Қазір әлем өзгеруде, яғни жаһандану, климаттың өзгеруі, көші-қон процесі жүруде,-деді ол. -Сөйтіп саясат, экономика, білім бәрі жаңа арнаға бет бұрып жатыр. Бұл үрдістен бала да тыс қалмайтыны белгілі. Жаңартылған білім жүйесінің қажеттілігін осыдан-ақ көруге болады».

Жиын барысында облыстық, қалалық мектептер директорлары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері бұл бағытта атқарылып жатқан істерді баяндады.
Шара соңында БҚО әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ арасында меморандумға қол қойылды.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале