28.09.2018, 15:39
Оқылды: 94

Нәжімеден Есқалиевке «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 19-шы сессиясында 1941 жылы Астрахань облысы Краснояр ауданында дүниеге келіп, облыс және республика көлемінде көптеген басшылық қызметтерді абыроймен атқарған,

sessia (7)

соның ішінде 1986-1993 жылдары Батыс Қазақстан облысына басшылық еткен мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нәжімеден Есқалиевке өңірдің саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына қосқан зор үлесі үшін «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Марапатты иесіне табыстаған облыс әкімі Алтай Көлгінов қиын заманда, өтпелі кезеңде облысты басқарып, жанкештілікпен еңбек еткен Нәжімеден Ихсанұлына алғыс айтып, ақжарма тілегін арнады.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

zhaikpress.kz

         Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

sessia (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале