22.11.2017, 20:37
Оқылды: 32

«Немістердің үздік технологиялары бізді қызықтырады»

received_10210490666115337Облыс әкімі Алтай Көлгінов Алматы қаласындағы Германия Федеративті Республикасының бас консулы Йорн Розенберг бастаған неміс делегациясымен кездесті.

Кездесуді ашқан облыс басшысы Елбасы жақында Сочиде Алманияның белді кәсіпкерлерімен кездескенін айтып, жалпы батысқазақстандықтардың неміс компанияларымен біраздан бері байланысы барын жеткізді.

-Батыс Қазақстан облысының Еуропа мемлекеттерімен арадағы тауар айналымының көлемі былтыр 4 млрд. долларды құрады. Оның ішінде Германияның үлесі зор. Ал Орал қаласы Германияның Магдебург шаһарымен жақсы қарым-қатынаста. Осыдан екі жыл бұрын қала әкімі болып жүргенімде Магдебургта болып, обер-бурдамистермен, кәсіпкерлермен кездесіп, бірқатар кәсіпорынды араладық. Ол жақтан біздің кәсіпкерлер біраз тәжірибе алды. Соңғы кезде ашылып жатқан кейбір кәсіпорындарымыз неміс технологияларын қолдануда. Мәселен, үй құрылысы комбинаты, жиһаз жасайтын кәсіпорындар осы бағытта табысты жұмыс істеуде. Мұндай мысал өте көп. Облысымыздың аумағында әлемге танымал Қарашығанақ кеніші бар. Сол кеніште Шымкентте неміс технологиясы бойынша шығарылған жоғары сапалы цемент қолданылуда.

Ал Алматыдағы «Шнайдер электрик» компаниясымен да байланыс жасаудамыз. Біз қашан да неміс компанияларымен серіктес болуға ниеттіміз. Жалпы инвестиция салуға өңірде үлкен мүмкіндік бар. Егер Германияның кәсіпорындары бізге келсе, бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Елбасымыз Германияның шағын және орта бизнесінің дамуынан үлгі алу жөнінде жиі айтады. Сол себепті немістердің заманауи, үздік технологиялары бізді өте қызықтырады,-деген Алтай Сейдірұлы Германияда батысқазақстандық студенттер оқып жатқанын атап өтіп, өзі де осы елдегі білім нәрімен сусындағанын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған бас консул осындай жылы шырайлы кездесу үшін облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Бір жылдан аса уақыттан бері Алматы қаласында бас консул болып қызмет атқарып келе жатқанын оның міндеттерінің біріне Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерімен жұмыс істеу де кіреді. Нақталап айтқанда, неміс кәсіпкерлерінің оңтүстікқазақстандық және батысқазақстандық әріптестерімен арадағы серіктестікті дамытуына септесу. Бүгінгі кездесу екі жақтың экономикалық байланыстың нығаюына серпін береріне сенім мол.

Неміс делегациясы бүгін облысымыздағы бірқатар кәсіпорындар мен оқу орындарында болып, серіктестік байланысты дамыту жайын пысықтайтын болады.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале