4.05.2019, 20:01
Оқылды: 25

«Nur Otan» партиясының облыстық қоғамдық штабы құрылды

Бүгін құрылған штаб жұмысы 11 мамырдан басталады.

IMG_5349-1024x683

Оның негізгі міндеті – президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қолдау көрсету, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру бойынша жан-жақты насихат жұмысын жүргізу.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ғимаратында  өткен брифинг барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен мәлім еткен еді.

–   Партияның кезектен тыс XIX съезінде Елбасы партиямыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынған болатын. Міне, осыдан кейін партия төрағасы «Nur Otan» партиясына маңызды науқанға белсенді қатысу жөнінде тапсырма берді. Өз үміткерімізге қолдау көрсету мақсатында республикалық, облыстық қоғамдық штабтар құрылды. Біздің облыс бойынша 273 бастауыш партия ұйымында 34 600-ден астам мүше бар. Өңірлік штабтың 82 мүшесі нақты бекітілді, – деді Серік Кенжебекұлы.

Ол бұл науқанды еліміздің демократиялық бағытта дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды оқиға деп атап өтті. Оның сөзінше, «Nur Otan» партиясы алда өтетін Президент сайлауына дайын. Өңірімізде партияның белсенділері мен жақтастарын қолдау мақсатында 13 қалалық және аудандық штаб құрылып, 300-ден астам адам жұмысқа тартылған.  Олар  үміткердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын тиімді, креативті және нәтижелі жүргізу жолында қолда бар мүмкіндіктер мен шаралардың барлығын пайдаланбақ.

Дәл осы күні кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау үшін Орал қалалық қоғамдық штабы құрылды. Айта кетейік, 9 маусым күні елімізде Президент сайлауы өтпек.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале