30.11.2018, 16:18
Оқылды: 62

«Нұротандықтардың» қатары толықты

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне бірқатар азамат салтанатты жағдайда қабылданды. Жиын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында ұйымдастырылды.

IMG_2772

-Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Еліміз тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде ғасырға бергісіз белестерден өтті. Алыс-жақын мемлекеттер танып, құрметтей бастады. Бұған, әрине, Елбасының қосқан үлесі ұшан-теңіз. Астана қаласында халықаралық басқосулар өтіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, КСРО-ның құрамында болған 15 елдің ішінде Қазақстанда ғана ОБСЕ Саммиті өтті. Осыдан-ақ еліміздің дүниежүзлік аренадағы орнын білуге болады. Мемлекет басқарған тұлғаларға деген осындай құрмет өзге елдерде де бар. Сондықтан бұл күн қазақстандықтар үшін үлкен мейрам. Мерекелеріңіз құтты болсын,- деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Серік Сүлеймен.

Басқосу барысында 140-қа жуық азамат «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне өтті. Олардың қатарында БҚО тексеру комиссиясының төрағасы Әлібек Қадырбеков, БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Бағдат Ізмағамбетов, «IT Group Kazakhstan» ЖШС-ның директоры Михаил Дудченко, «Агран» ЖШС-ның атқарушы директоры Василий Балакиров, «Желаев құмтасы» ЖШС-ның директоры Айбол Құспанов, «Нұржанар» АҚ-ның директоры Рустам Ахметов, «Жұлдыз» ЖК-ның директоры Жұлдыз Құспановалар бар.

Айта кетсек, облыста жалпы 34 197 «Нұр Отан» партиясы мүшесінен құралған 275 бастауыш партия  ұйымы жұмыс жасайды.

IMG_2804

Гүлсезім БИЯШЕВА,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале