22.05.2018, 16:47
Оқылды: 66

Назарбаев зияткерлік мектебі журналистер арасында республикалық байқау жариялайды

Screenshot_2018-05-22-16-12-25-1«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Жаңа заманның жаңғырған мектебі» атты республикалық журналистік байқау жариялайды.

Жоба мақсаты – қазақстандық жиырма бірінші ғасыр мектебіне ақпараттық қолдау көрсету, отандық және халықаралық үздік тәжірибелерді үйлестірген инновациялық мектептер құру, білікті мұғалімдер мен ұжымдардың кәсіби жетістіктерін еліміздің орта білім беру жүйесіне енгізу, қазақстандық мектептерді жаһандық білім кеңістігіне енгізу.

Байқауға 2017 жылғы 1 маусым және 2018 жылғы 1 маусым аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған талдамалық материалдар қабылданады (әртүрлі жанрдағы материалдар – мақалалар, очерктер, сұхбаттар, талдамалық материалдар қабылданады (баспа материалдың көлемі 12 000 таңбадан аспауы тиіс).

Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқау материалдары төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:

010000, г. Астана, 31 көше, 37а, офис 316, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының орталық аппараты, Корпоративтік коммуникациялар департаменті («байқауға» деген анықтаумен) немесе [email protected] электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале