16.09.2017, 17:59
Оқылды: 48

Облыс әкімі Аралталдағы тойға барды

IMG-20170916-WA0110Бүгін Ақсай қаласының 50 жылдығына байланысты өткен мерекелік концертке қатысқан облыс əкімі Алтай Көлгінов құрылыс нысандарын аралады.

IMG-20170916-WA0108"Қарашығанақ-1" ауданында "Азиятехстрой"  пен "Фирма АТК" ЖШС-лары Березов пен Бестау ауылы тұрғындарына арналған153 пəтерлі 9 қабатты үйдің ішкі құрылысын жүргізуде. Қазан айында пəтерлер пайдалануға беріледі. Сонымен қатар "Марасант" жəне "Строительная инициатива" компаниялары қала маңындағы Аралтал ауылында 3 жəне 4 бөлмелі 100 баспана салған. Қазіргі уақытта березовтық жəне бестаулық 85 отбасыға пəтер кілті берілді. Солардың 67-сі жаңа қонысқа орналасып үлгерді. Оларға түрлі сомада өтемақы төленуде. Жаңа қоныс иелері үкімет қамқорлығына риза. Тіпті қала күнінде Аралталда қос шаңырақ құдалық тойын атап жатыр екен. Екі көрші жақында құйрық-бауыр жесіп, құдандалы болған. Олардың қуанышын облыс əкімі Алтай Көлгінов бөлісе барып, ізгі лебізін білдірді. Үй иесі Артек Кащеев облыс əкімінің ықылас-пейіліне алғыс айтып, онымен бірге келген меймандарға дəм ұсынды.

IMG-20170916-WA0107Айта кетейік, бүгін облыс əкімі Алтай Сейдірұлы "Ақсайгазсервис" АҚ өндірістік аймағында жұмыс барысымен танысып, компания ұжымын қала күнімен құттықтады. Кездесуде аудан əкімі Алдияр Халелов бірқатар жұмысшыға мерейтойлық медальдарды табыс етті. Кешке Ақсай қаласының 50 жылдығына байланысты өтетін гала-концертке белгілі эстрада əншілері қатысады деп күтілуде.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале