7.03.2018, 19:05
Оқылды: 56

Облыс әкімі әйелдерге құрмет көрсетті

received_10211199753562080БҚО әкімі Алтай Көлгінов Достық үйінде өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқан зейнеткер аналармен, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылармен кездесіп, оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Мерекелік шара мемлекет пен қоғам өміріне белсенді араласып жүрген жандарға, өз кәсібінен нәсібін тауып жүрген нәзік арулар мен отбасы ұйытқысы болып отырған ару-аналарға әдемі гүл шоқтарын берумен басталды.
– Біздің қоғамда ананың орны ерекше, бәріміз ананы қадірлейміз. Отбасы құндылықтарын дәріптеп отыратын, шаңырақтағы шамшырақты сөндірмей отыратын – ана. «Қыздың жолы жіңішке» деп қыздарды төрге шығаратынымыз да ата-бабамыздан қалған дәстүр. Күні кеше Президент Парламенттің бірлескен отырысында игі бес бастама көтерді. Халықты толғандыратын мәселелерді айтып өтті. «Отан отбасынан басталады» десек, адам өмірінде баспананың рөлі зор. Баспана сұрап жүрген азаматтарымыз қаншама?! Елбасының қолдауының арқасында бұл мәселе шешіледі деп сенеміз. Жалпы, бес бастаманың қай-қайсының да мәні зор. Олар баршамыздың бірлесіп атқаратын қызметтеріміздің нәтижесі арқылы жүзеге асатын болады. Баршаңызды көктемдегі ең әдемі мейраммен құттықтаймын! Отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбекте табыс тілеймін, – деді Алтай Сейдірұлы.

Облыс әкімі жыл санап сотта, жергілікті атқарушылық билік құрылымдарында әйелдер санының артып келе жатқанын да атап өтті. Облыста 180 әйел басшы лауазымда болса, олардың 54-і судья, 50-і облыстық басқармалардың, аудандық және қалалық бөлімдердің басшылары, ал 15-і ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары болып еңбек етеді. Ал білім саласында 17 мың, денсаулық сақтау саласында 8,5 мың әйел адам жұмыс істеп жүр. Қорғаныс саласында 127 әйел адам қызмет етсе, олардың сегізі әскери қызметкер. Облыстағы 48 мың кәсіпкерлік субъектісінің жартысына жуығын бизнес-ледилер басқарып отыр.

Өз кезегінде сөз алған ару-аналар да халық игілігі үшін жасалып жатқан оң өзгерістер үшін Елбасына, үкіметке, жергілікті атқарушы билікке алғыстарын айтты. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева, еңбек ардагері Роза Кужекова, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар әр саладағы белсенді әйелдер арасынан облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Светлана Әлмұханова, «Гидроприбор» АҚ инженер-конструкторы Татьяна Пономарева, «ПМК-117» ЖШС директоры Ольга Попова және басқалар сөз алып, облысымызда әр саладағы игі істерді атап өтіп, мерекелік тілектерін арнады. Аналық алғысын айтқан белгілі ақын, педагог Дариға Мұштанова өзінің күні кеше ғана жарыққа шыққан «Аңыз болған абысындар» кітабын облыс басшысына тарту етті. Ал лебіз-тілегін өлеңмен өрген айтыс ақыны Жансая Мусина облысымызда ақындар айтысы ұйымдастырылса деген тілегін де айтып өтті. Алтай Сейдірұлы бұл тілекке бірауыздан қолдау білдіріп, алдағы уақытта Оралда республикалық деңгейде айтыс өтетінін жеткізді.

Әйелдер қауымының төл мерекесіне арналған бұл шарада облыстағы өнерпаз жігіттер әннен шашу шашты.

Ясипа РАБАЕВА,
«Орал өңірі»

Фото Айбатыр Нұраш

received_10211199753162070 received_10211199753082068 received_10211199753242072 received_10211199753482078 received_10211199753602081 received_10211199754082093 received_10211199754202096 received_10211199752882063 received_10211199754162095

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале