27.06.2019, 13:36
Оқылды: 127

Облыс әкімі Ассамблея өкілдерімен кездесуде

Оралдағы «Достық» үйінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен кездесуде.

ASSAMBLEIYA

Оған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени білестіктер, қоғамдық келісім мүшелері, аналар мен ақсақалдар кеңестері, ғылыми-сараптамалық топтар мен Ассамблея кафедрасы, медиаторлар, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, БАҚ өкілдері қатысуда.

Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы кездесудің басты мақсаты Ассамблеяның алдағы уақытта қандай жұмыстар атқаратынын жоспарлап, ұсыныстар мен мәселелер, олардың шешу жолдарын қарастыру екендігін атап өтті.

-Биыл БҚО ҚХА қызметі республикалық деңгейде жоғары бағаланып, біздің Ассамблеяның тәжірибесін еліміз бойынша кеңінен енгізу туралы шешім қабылданды. БҚО ҚХА мүшелері Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ағайынға көмек ретінде 1млн. 800 мың теңге жинады. Қазір киім-кешек, тағы басқа қажетті заттар жинауда. Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі, кәсіпкер Анвар Агаев жеке өзі 1 млн. теңге аударды. Құрылыс бригадасын жіберіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарына қолғабыс етпек,-деді Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале