6.07.2019, 15:25
Оқылды: 200

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтауы

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді алты алашқа тәж болған – Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құтықтаймын!

8842294a2b138616879a0df45a096f80

Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі астанамыздың 22 жылдық тұтас даму кезеңі ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. «Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген тарихи қызметінің маңыздылығы соншалық, біз оның ұлы есімін мәңгілік есте сақтауға бар күш-жігерімізді салуымыз керек» деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен биыл еңселі елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталды. Жарқын болашаққа жол ашқан бас қаламыз әлем көз тіккен көрікті қалаға, жасампаз идеялар ордасына, Қазақстанның басты брендіне айналды. Сондықтан да барша қазақстандық асқақ армандарын, үкілеген үміті мен баянды болашағын Нұр-Сұлтан қаласымен байланыстырады. 6 шілде – бұл астаналықтардың мерекесі ғана емес, жалпыхалықтық мейрам. Сан қилы тағдыр мен сан түрлі арманды бір арнаға тоғыстырған елорданың өркендеуіне әрбір батысқазақстандықтың қосқан үлесі орасан зор. Ерке Есілдің жағасында керегесін кең жайған ару астанамыздың абыройы асқақ, мерейі үстем болсын! Әр шаңыраққа мықты денсаулық, бақыт, молшылық пен құт-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен: Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале