6.01.2021, 10:31
Оқылды: 394

Облыс әкімі қиыршық тас өндіретін Жамантау кен орнымен танысты (СУРЕТ)

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Бөкей ордасы ауданындағы қиыршық тас пен құмды-қиыршықтас қоспасы өндірілетін Жамантау кен орнына барды.  Кеніш мамандары жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырып, жергілікті өнім өндірудің ерекшеліктерін атап айтты. Таратып айтсақ, осы кезге дейін облыстың оңтүстік аудандарындағы жол қиыршық тас пен құмды-қиыршықтасты қоспа Ақтөбе облысынан әкелінген еді. Тек шикізат материалы ғана емес, осы материалды құрылыс орнына тасымалдау үшін де қаржы қарастырылып келді. Қиыршық тастың бір тоннасының жеткізілімі сегіз мың теңге болған. Жамантау кен орны өндірісі қарқын алса, жергілікті өнімді құрылысқа пайдалану айтарлықтай тиімді болмақ. Кен орнының ашылуы дегеніміз – жаңа жұмыс орындары, мердігерлерге қолайлы жағдайлар жасау және бюджетке салықтық түсімдер. Өткен жылдың желтоқсан айында мердігерлер карьерден 11 мың тонна өнім шығарды.

WhatsApp Image 2021-01-05 at 15.13.21 (3)

 

Аталмыш кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын «Жайықгидрогеология» ЖШС жүргізді. Нәтижесінде кен орнында  3,25 миллион тонна қиыршық тас қоры және 600 мың тоннаға жуық құмды-қиыршық тас қоспасы (ПГС) табылған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК »АҚ БҚО филиалының директоры Еркебұлан Жұманов қиыршық тас пен құмды-қиыршықтасты қоспа сапасын қатаң бақылауда екенін айтса, кен орнының жер қойнауын пайдаланушысы, ATVS TECHNIC директоры Айбар Джалмишев  қиыршық тастың беріктігі 800-1000 маркасымен белгіленін айтты. Мұндай маркадағы қиыршық тасты республикалық маңызы бар айналма жолдарда пайдалануға толық мүмкіндік бар.

Қазіргі уақытта кен орнында жұмыс бір ауысымда жүргізіліп,  30 адам жұмыс істеуде. Жұмыс қарқын алып, тәулік бойына жұмыс жасайтын болса, вахталық әдіспен жалпы 90-ға жуық адам тартылады деп жоспарлануда.

IMG-20210105-WA0017

Кеніш жұмысын «Милысай» ЖШС арнайы жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр. Серіктестік  құрылтайшысы Владимир Семкин дәл қазіргі таңда кен орнында сағатына 300 тонна немесе тәулігіне 4 мың тонна қиыршық тас ұсақтайтын өнімділігі жоғары машина,  самосвалдар, экскаваторлар, тиегіштер, бульдозер сынды тиісті техникалар да жұмыс істейтінін айтты.

– Қор бірнеше жылжық жұмысқа жеткілікті. Қосымша геологиялық барлау бар. Болашақта біз Сайқында дайын өнімнің қорын жасаймыз, сонда тұрғындар да өз қажеттіліктеріне сатып ала алады, – дейді Айбар Джалмишев.

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2021-01-05 at 15.13.21 WhatsApp Image 2021-01-05 at 15.13.21 (4) WhatsApp Image 2021-01-05 at 15.13.21 (2) WhatsApp Image 2021-01-05 at 15.13.21 (1) IMG-20210105-WA0010 IMG-20210105-WA0011

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале