25.05.2019, 17:42
Оқылды: 31

Облыс әкімі қос мектептің түлектерін құттықтады

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы №2 және №33 мектептің соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысты.

IMG_4258

Өңір басшысы мектеп ұжымын кезекті оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, өмірдің жаңа белесіне қадам басқан жас түлектерге жылы лебізін білдірді.

– Қазақстанның болашағы өздеріңіздей білімге құштар ұрпақтың қолында. Ал мемлекет бүгінгі жастар алаңсыз білім алуы үшін бар жағдайда жасауда. Оны жыл сайын білім беру саласына бөлінетін бюджеттік қаражаттың артуынан, еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа мектептер мен жоғары оқу орындарының бой көтеруінен анық байқауға болады. Біздің облысымызда да білім саласына баса мән беріліп келеді. Жуырда өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш ауысымды оқытуды толықтай жойып, апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуді тапсырған болатын. Осы бағытта бұрыннан бастау алған жұмыстар бүгінде жалғасын табуда. Мәселен, қаламыздағы №33 мектептің ғимараты ескі болуына байланысты апатты деп танылып, бүгінде аталмыш білім ордасының шәкірттері №2 мектептің базасында білім алуда. Алдағы уақытта апатты мектептің орнына жаңа ғимарат бой көтеріп, жаңа білім ошағында сапалы білім алу мүмкіндігі туады, – деді Алтай Сейдірұлы.

IMG_4283

Мектеп қабырғасына бүлдіршін болып қадам басып, бүгінде жаңа өмір белесіне бет бұрған жас түлектерді Ж.Молдағалиев атындағы №2 мектептің директоры Әлима Төреғалиева және №33 мектептің басшысы Үміт Ерғалиева құттықтап, 2018-2019 оқу жылында мектеп шәкірттерінің қол жеткізген жетістіктеріне де тоқтала кетті.

Аяужан Кереева,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

IMG_4261

IMG_4286

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале