6.04.2018, 12:46
Оқылды: 28

Алтай Көлгінов КПО компаниясының жаңа басшысымен кездесті

Бүгін облыс басшылығы КПО б.в. компаниясының бас директоры Эдвин Бломмен кездесті. Жүздесуде жаңа қызметке 1 сәуір күні ресми түрде кіріскен компания басшысына облыс әкімі Алтай Көлгінов сәттілік тілеп, алдағы уақытта жемісті еңбек ететініне сенім білдірді, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының елімізге инвестиция тарту бойынша жүргізіп отырған саясатының нәтижесінде 1997 жылдан бері 23 млрд.доллар инвестиция тартылды. Компанияның негізгі жыл сайынғы инвестиция көлемі 600 млн. долларды құрайды.  Соңғы үш жылда жергілікті қамту үлесі 47%-дан 54%-ға өсті. Былтыр рекордтық көрсеткіш – 32 млн.доллар бөлініп, өңірімізде 45 жоба жүзеге асырылды. Компаниямен бірлесіп, Бөрлі ауданы, Березовка, Бестау елді мекендерінің тұрғындарын көшіру жұмыстарын уақытылы аяқтадық. Сіздің басшылығыңызбен ортақ жұмыстарды одан әрі табысты түрде жалғастырамыз деген сенімдемін, – деді Алтай Көлгінов.

Өз кезегінде «КПО б.в.» компаниясының бас директоры Эдвин Блом ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік инвестицияға барынша қолдау көрсетіп отырғанын жеткізіп, бизнеске жайлы климат қалыптасқан елде компания табысты жұмыстар атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде өңірдегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі 20 млн. доллардан 30 млн. долларға  ұлғайғанын атап өтті (5 жылға жалпы қосымша сомасы 50 млн.доллар). Қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдармен келісу процесінде.

Кездесу соңында облыс әкімі компания бастамалары мен ұсыныстарына әкімдік тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале