6.07.2018, 13:21
Оқылды: 72

Облыс әкімі қаладағы құрылыс нысандарын аралады

IMG-20180706-WA0045Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолының аралығында орналасқан тоғыз қабатты үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындар мен "Тұрғын үй жинақ банкінің салымшыларына" берілмек. Аталмыш үйлер "Болашақ -Т" ЖШС мен "Альтаир" ЖШС-ның мердігерлігімен салынуда. Үйлердің іші жарық, кең әрі сыртынан қарағанда көз тартарлық.


Көп қабатты үйлерді аралаған өңір басшысы сала мамандарына жаңа салынган үйде мәселе болмау керек екенін ескертіп, көп қабатты үйдің айналасын абаттандыруды, құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды, ПИК (КСК) мамандарымен тығыз байланыс орнатуды және бұл жақтағы көп кабатты үйлердің кіре берістеріне машина жуатын орын салуды тапсырды.

- Өйткені қала орталығына кіретін кез келген көлік таза болуы керек. Біз сол үшін тұрғындарға жағдай жасауымыз қажет, -деді облыс әкімі.

IMG-20180706-WA0048- Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталды. Қазіргі уақытта үйдің жетінші қабатына бетон тұрғызылып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 100 адам жұмыс істеп жатыр. Мұнда жалпы 216 пәтер болса, 144-і - бір бөлмелі, қалған 72-сі - екі бөлмелі. Биылғы жылға бөлінген қаржы толық игерілді. Енді қалған қаржы аударылатын болса, үйді биыл тапсыратын боламыз, - деді сала маманы Нұрлан Қуанғалиев.

Содан соң Тайманов көшесіндегі, яғни Еуразия даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі аралықтағы, жөнделіп жатқан жолға барды. "Түркістан жол сервис" ЖШС-ның мердігерлігімен қолға алынған жұмыстың барысына өңір басшысы оң бағасын берді. Жол тақтайдай тегістелген. Енді абаттандыру жұмыстары қалған. Болашақта бұл аумақты тынымбақ секілді көгалдандыру көзделген.

Өңір басшысының жұмыс сапары Құрманғазы көшесі мен Мәметова көшесінің қиылысындағы жылу құбырлар жүйесі бойынша жүргізіп жатқан құрылыс нысандарында жалғасты.

Құрылыс жумыстары "Уральскводстрой" ЖШС-ның мердігерлігімен жүзеге асуда. Жылу құбырлары толық ауыстырылған. Сала мамандарының айтуынша, қажетті материалдар Ақтаудан әкелінген. 1255 метрді құрайтын құрылыс жұмыстары шілде айының соңында аяқталмақ. Сонда кала тұрғындары ыстық сумен толық қамтылатын болады.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале