21.02.2018, 14:40
Оқылды: 29

Облыс акробатшылары республикалық чемпионаттан жүлделі оралды

Алматы қаласында спорттық акробатикадан жас топтары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарысқа 9 облыстан спортшылар қатысты. Спорт додасында Орал қаласының  №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі шәкірттері де өнер көрсетті. Олар жаттықтырушы Н.Атихановтың жетекшілігімен жұптық топта баланс және динамиқалық жаттығулар бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, ІII орынға ие болды.

Команда құрамында Даниял Джубанышев, Рустам Болатов, Ернар Рахымжан, Арман  Мұрат есімді спортшылар бар.

Динара Киндербаева

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале