12.05.2017, 20:11
Оқылды: 39

Облыс басшысы Жаңақалада

received_1020911038672921511-12 мамыр күндері облыс әкімі Алтай Көлгінов Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірқатар су, газ, жол құрылыс нысандарымен және шаруашылық жұмыстарымен танысты.


Ауданның тыныс-тіршілігімен танысуды мақсат еткен өңір басшысы 11 мамыр күні төрт (Жаңақазан, Мәстексай, Жаңажол, Жаңақала) ауылдық округтің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Жуалыой, Мұқыр, Сарыкөл, Жангелді елді мекендеріне тартылып жатқан көгілдір отынның және Құлшық жерасты су қоймасынан тартылатын су құбыры жобаларымен танысып, тұрғындардың сауалдары мен тілектерін тыңдады.

received_1020911038664921312 мамыр күні облыс әкімі «Муса» шаруа қожалығы мен «Бірлік» ЖШС-де болып, олардың шаруашылықтарымен танысты.

Өңір басшысы алдымен ат басын тіреген шаруашылық «Муса» шаруа қожалығы болды. Аталмыш шаруашылық - мұхиттың арғы жағынан ангус, герефорд асыл тұқымды ірі қара малдарын әкеліп, біздің жерде өсіріп жатқан өңіріміздегі алғашқы қожалық. Бұл жерде өңір басшысы абердин-ангус және герефорд асыл тұқымды ірі қара малдарын қарап, қожалықтың Базарқұдық қыстағындағы шаруалардың жай-күйімен танысты.

received_10209110386889219Базарқұдықта облыс әкімі асыл тұқымды малдарға қоса күн батареясына ерекше көңіл бөлді.

- Көршілес аудандарда шаруа қожалықтары өз қыстақтарының үстінен өтіп жатқан электр бағаналарынан өздеріне электр тоғын тартып беруді сұрайды. Бұл, әрине, заңсыз.

received_10209110387209227Ал сіздер заман ағымынан қалмай, жаңа техникаларды игеріп отырсыздар. Күн сәулесінен қуат алатын күн батареялары әрі тиімді, әрі арзан болатыны баршамызға аян. Сонымен қоса күн батареясын сатып алған кезде, құжаттары түгелі болса, үкімет субсидиялау арқылы 80 пайыз құнын қайырып береді, - деген Алтай Сейдірұлы қожалықтың бұл жетістігін үлгі ете отырып, өңіріміздегі басқа да қожалықтарға тарату керектігін тілге тиек етті.

received_10209110387369231Одан әрі өңір басшысы бастаған делегация ат басын «Бірлік» ЖШС-не бұрды. Бұл жерде де облыс басшысы шопандардың қал-жағдайын сұрап, асыл тұқымды еділбай қойларының ерекшелігімен танысты. Сондай-ақ облыс басшысы шаруалардың малға қажетті судың тапшылығы, тозығы жеткен кірме жолдарды жөндеу сынды сауалдарын тыңдап, тиісті жауабын берді.

Пятимар ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылып жатқан таза ауыз су құрылысы нысандарын аралап, ауыл тұрғындарымен тілдесті. Ауыл тұрғындары өңір басшысының атқарып жатқан жұмыстарына оң баға бере отырып, тілектерін жеткізді.

received_10209110388609262Ал өңір басшысы сөз сөйлеген аудандық жастар жұмысы жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ж.Хайреловке аудандағы газ жəне су тарту жұмыстарына қыз-жігіттерді орналастыру арқылы жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюды тапсырды.

Келесі кезекте Жангелді елді мекеніндегі газ тарту жұмыстарымен танысқан А.Көлгінов жұмыс сапарының соңында «UNISERV» құрылыс компаниясы атқарып жатқан жол құрылысын тексерді. Жол бойындағы кездесу барысында облыс әкімі аталмыш компанияның басшысына халықтың жол сапасына байланысты уәжін айтып, жол құрылысын сапалы жасауды тапсырды.

Н.ҒАББАСОВ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале