16.06.2017, 15:08
Оқылды: 20

Облыс бойынша соттар әкімшісінің басшысы өзгерді

  Sottar akimshisinin basshisi       Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов ұжымға БҚО бойынша соттар әкімшісінің жаңа басшысы Нұрлан Еркінұлы Қажғановты таныстырды.


         БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Н.Қажғанов бұрынғы Тайпақ (қазір Ақжайық) ауданының Жанама ауылында 1970 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1996 жылы Атырау мұнай және газ институтын, 2001 жылы басқару және құқық институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Ақжайық аудандық №2 сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы лауазымынан бастаған. 2007 жылдың мамырынан 2010 жылға дейін Ақжайық аудандық №2 сотының кеңсе меңгерушісі, 2010 жылдың ақпанынан 2014 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі қызметін атқарған. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі, 2016 жылдан БҚО бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары болды.

         Облыстық соттың төрағасы Б.Әметов Н.Қажғановты жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

 Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале