12.04.2017, 18:35
Оқылды: 44

Облыста 18 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыс әкімдігі арасында жұмыс орындарын құру бойынша меморандум жасақталды. Бұл туралы Орталық  коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы алаңында өткен брифингте Марат Тоқжанов мәлімдеді.


 

Меморандумға сәйкес, облыс бойынша ағымдағы жылы 18 мыңнан астам жұмыс орындары құрылмақ. Сондай-ақ 2017 жылы облыс халқын жұмыспен қамтудың кешенді жоспары жасақталып, 17035 адамды жұмыспен қамту көзделсе, қазіргі күнде 3634 адам жұмысқа орналасып үлгерді.

- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес жыл басынан бері 1223 жас жұмысқа орналасты.  Үстіміздегі жылы  «Жасыл Ел» еңбек жасағы қатарына 800 сарбазды студенттік еңбек, құрылыс жасақтарына 250 сарбазды тарту жоспарланып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 1,2 млрд.теңге қаражат көлемінде 380 адам бюджеттік несие алуға, 474 жас 75,2 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алу құқығына ие болып отыр, - деді өңір басшысының орынбасары.

Гүлжамал Жолдығали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале