24.02.2017, 18:55
Оқылды: 50

Облыста 75 діни нысан тіркелген

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті ІХ сесиясында облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов осылай деді.


Сессия барысында халық қалаулылары «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы» мәселені қарап, мақұлдады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметовтың айтуынша,  облыс аумағында алыс және жақын шетелдерден келген облыстық дін істері басқармасында есептік тіркеуден өткен 7 миссионер жұмыс істейді. Конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында аталмыш басқарма жанынан облыстық діни бірлестіктері басшыларының клубы құрылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен 4022 шара ұйымдастырылып, 415 мыңнан астам адам қамтылған.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале