30.09.2019, 10:23
Оқылды: 442

Облыстық театр ТURKSOY халықаралық мәдениет орталығының арнайы жүлдесіне ие болды

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ұжымы - Қырғызстанның Ош қаласында өткен VII халықаралық «ART-ORDO - 2019» театр фестиваліне «Арманым-Әселім» спектаклімен аттанған еді.

teatr (6)

Нәтижесінде аталмыш спектакльдің режиссері Талғат Теменовке «Алтын Жетіген» статуэткасы табыс етілді. Қазақстанның абыройын қорғаған театр жүлдеден құр алақан емес. Театр директоры Қуаныш Амандық бастаған ұжым ТURKSOY халықаралық мәдениет орталығының арнайы жүлдесіне ие болды.

teatr (3)

Үздік әйел образы бойынша екінші пландағы номинацияны театрдың актрисасы Наргиза Шадыева иеленді. Бұнымен қоса театр «Ел алғысы» дипломымен, Ош шахарының мэрінің алғыс хатымен, министр А.К.Жаманқұловтың арнайы сыйлығымен марапатталды.

teatr (4)

Марлен Ғилымхан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале