30.06.2017, 11:40
Оқылды: 68

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

aigul 2 jpgБатыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысы лауазымына Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева тағайындалды.


Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1985 жылы Педагогикалық институтты тәмамдаған.

-Облыстық тілдерді дамыту басқармасының алдында да жаңа міндеттер тұр. Күн сайын жаңа бір сынақтармен бетпе-бет келіп отырған қазіргі кезеңде Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқан көптілділік саясатының өзектілігі арта түсуде. Білім басқармасында да бұл жұмыстан алыс болған жоқсыз. Елбасының үш тұғырлы тіл саясатын одан әрі жалғастыруыңыз қажет. Жаңа қызметіңізге табыс тілейміз, -  деді облыс әкімінің тапсырмасын жеткізген өңір басшысының бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Айгүл Әділгерейқызы 37 жылдық еңбек өтілінің 17 жылында мемлекеттік қызметте. Қызметтік міндеттерін атқару барысында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кәсіптік және басқарушылық тәжірибесі мол маман ретінде көрсете білді.

1985-2000 жылдары арасында орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметтер атқарған;

2000 жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және білім басқармасының басшысы лауазымдарын атқарып келді.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале