3.08.2020, 15:32
Оқылды: 114

Облыстық «Үздік аудармашы» қашықтық байқауының жеңімпаздары анықталды

30 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі «Үздік аудармашы» облыстық қашықтық байқауын ұйымдастырды.

75495E60-5892-44B0-B092-C79A15223676

Байқауға облыс аудандары және Орал қаласы бойынша 18 үміткер өтініш білдіріп, бақтарын сынады.

Байқау мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, аудармашылардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін шыңдау мақсатында өткізілді.

Байқау ресми құжаттарды аудару (берілген мәтіндерді аудару); сөзбе-сөз немесе ілеспе аударма жасау (берілген мәтінді тыңдай отырып, ілесе аудару); жаңа терминдер әлемі (мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминдерден тест орындау) кезеңдерінен тұрды.

C261EF83-6907-4DD2-A79B-54D78B73B618

   «Үздік аудармашы» облыстық байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені БҚО Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Жазира Кенжеева жеңіп алды.

І орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы Ағиса Рақымғалиева, ІІ орынды Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің аудармашысы Жанар Салекеева мен Бөрлі ауданы прокуратурасының прокуроры Алмагүл Ибрашева, ІІІ орынды «Қазақстан Халық банкі» АҚ БҚОФ, карточкалық бизнес орталығының бас менеджері Айсалқын Шаутимова, БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының инспекторы Айгүл Балтабай мен Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Мәншүк Батырова иеленді.

CC164005-B99A-4400-9CCA-310626FCFA5E

Ынталандыру сыйлығына БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот кеңесінің бас маманы Игілік Мырзахмет лайық деп танылып, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале