22.02.2017, 18:04
Оқылды: 53

V облыстық Қадыр оқулары өтті

 

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында V облыстық Қадыр оқулары өтті. Шығармашылық сайысқа облыс аудандары мен Орал қаласының мектеп оқушылары қатысты.


Шара әдеттегідей ақын ескерткішіне гүл шоғын қоюмен басталды. Дәстүрлі сайыстың ашылу салтанатында сөз алған  Сырым ауданының әкімі А.Шыныбеков, облыстық білім басқармасының бас маманы Л.Дүйсенбаева қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өз өлкесінің намысын арқалай келген жас дарындар «Сөздің бәрі құдыретті», «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда», «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» бөлімдері бойынша сынға түсті.  

Мерекелік кеш жеңімпаздар мен жүлдегерлердің гала-концертімен жалғасты. Сондай-ақ көрермен назарына сырымдық өнерпаздардың дайындаған концерті ұсынылды.

Айта кетейік, сәуірде аймақтық Қадыр оқулары өтеді. Айтулы сайысқа қатысуға қазірдің өзінде Ақтөбе, Атырау, Қызылорда өңірлерінің оқушылары тілек білдіріпті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале