15.06.2018, 13:26
Оқылды: 39

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында – жаңа басшы

 

IMG_2664 — копияБүгін облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Медет Махамбетұлы Шакаев тағайындалды.

Шакаев Медет Махамбетұлы – 1985 жылы туған. Білімі жоғары. 2008 жылы Атырау мұназ және газ институтын тәмамдаған.

Әр жылдары:

- «Орал жолдары» АҚ-да шебер, инженер;

-  Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы;

Бүгінге дейін БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшы орынбасары болып істеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале