4.08.2017, 18:14
Оқылды: 19

Облыстың инновациялық жобалары таныстырылды

Бүгін "ЭКСПО-2017" көрмесінің корпоративті павильонында Батыс Қазақстан облысының инновациялық жобалары таныстырылды.

Кейін инвестицияық  форумды ашқан облыс əкімі Алтай Көлгінов өңірдің инвестициялық əлеуеті жөнінде айтты. Мəжіліске шетелдік мемлекеттер елшіліктері жəне халықаралық қаржы институттарының, ұлттық жəне шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.   Жиында«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы төрағасының бірінші орынбасары А. Пирметов, ЭКСПО-ның комиссары Рапиль Жошыбаев өңірдің ерекшелігін атап өтті.

IMG_3209«Қазақинвест» ҰК өңірлік филиалының директоры А. Бисенов облысқа инвестор тарту белсенді қолға алынғанын, Ақжайық өңірі Еуропаға шығар күре жолда орналасқанын, осы мүмкіндікті пайдалануға болатынын айтса, «ҚПО б.в.»компаниясының басқарушы директоры Б. Сабыров Қарашығанақ концорциумы жайында баяндады. «Nostrum Oil and Gas» компаниясаның бас директоры Кай Уве Кессель «Жайықмұнай» ЖШС мен компаниялар тобын дамыту жайына тоқталды. Ал финдік «Бизнес Хаб» компаниясының директоры М.Манкеев облыста жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар жөнінде баяндады. Жиында «Зениттехсервис» және «Эдвайтедж Қазақстан» ЖШС-ларының өкілдері арасында меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. 

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале