4.05.2017, 19:39
Оқылды: 42

Оқушылар полиция қызметімен танысты

Қазақстан полициясының 25 жылдығы аясында Орал қ.ІІБ-де ашық есік күні шарасы өтті. Бұл күні №41 мектеп-лицейдегі «Қолғанат» және «Шапағат» топтары басқармада қонақта болды. Шара барысында оқушылар полиция қызметінің қыр-сырымен танысты.


Орал қ.ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Наурызбай Ғұмаров меймандарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықпен күресуші тәртіп сақшылары қызметінің ерекшеліктері, оның қиындығы мен жауапкершілігі жайында айтып берді. Оқушылар бұдан соң полиция қызметкерлері балаларының қолымен жасалған дүниелер мен  суреттердің «Әлем балалар көзімен», «Біздің күнделікті өміріміз» атты көрмелерді көрді. Полицейлер жас достарын қызықтарған құқық қорғау қызметі туралы түрлі сауалдарына жауаптар берді.

Дәл осы күні мектеп оқушылары 1941-1945 жылдары 1418 күнге созылған екінші дүниежүзілік соғысқа арналған тақта мен оған қатысушы ардагер-полицейлер туралы естеліктерді тыңдады. 2015 жылы Орал қалалық ІІБ-де Жеңісті жақындатқан жауынгерлерге арналып ескерткіш тақта ашылған болатын.

№41 мектеп-лицейдің ұжымы мен оқушылары өздеріне осындай тамаша таныстырылым жасаған Қалалық ІІБ-на алғыстарын айтса, «Ашық есіктің» соңында жас тәртіп сақшылары саптық шеруден өз өнерлерін көрсетті.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале