12.06.2018, 13:25
Оқылды: 94

Оқырмандар 14 газетке онлайн жазыла алады  

 

Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінде электронды жазылым жобасы таныстырылды.

 - Онлайн жазылу арқылы газеттің әр жаңа шығарылымы оқырманның электронды поштасына келіп тұрады. Бұл өз кезегінде оқырманға ыңғайлы.  Басты артықшылығы – онлайн нұсқа газеттің қағаз түріне қарағанда екі есе арзан. Екіншіден, газет халықтың қолына жеткенше, ондағы ақпараттардың мәні жойылуы мүмкін. Үшіншіден, экономикалық маңызы бар. Біз газет үшін қағазды Ресейден, бояуды Қытайдан аламыз. Былайша айтқанда, бүкіл баспасөз осы екі елді асырап отырмыз. Қазір Елбасы цифрландыруға үлкен мән беруде. Сол себепті біз оқырмандарға таңдау мүмкіншілігін беріп отырмыз. Облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» және аудандық газеттерге онлайн жазылу шілде айынан бастап іске қосылады, - деді қатысушыларды жаңа жобамен таныстырған «Жайық Пресс» медиахолдингінің басшысы Жантас Набиоллаұлы.

«Жайық Пресс» ақпарат орталығының жетекшісі Нұрлыбек Рахманов газеттерге онлайн жазылу жолымен таныстырды. Мұндай мүмкіндік zhaikpress.kz сайтының «Online жазылу» бөлімі арқылы жүзеге асады. Енді әрбір адам үйінен не офистен газеттің электронды нұсқасына жазыла алады. Банк картасы немесе «24касса» терминалдары арқылы газетке жазылуға төлем жасауға болады. Сондай-ақ «Қазпошта» арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылуда.

Шара соңында қатысушылар облыстық газеттердің онлайн нұсқасына тегін жазылуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, өткен жылы zhaikpress.kz сайтының мобильді қосымшасын іске қосылды. Облыс тұрғындары бүгінде қосымша арқылы облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье», 12 аудандық газеттің жаңалықтарын бір жерден оқып отыр.

zhaikpress.kz

IMG_3250 IMG_3237

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале