13.11.2018, 17:03
Оқылды: 62

Олжас Сейтімов: «Болашақта продюссерлік орталық құрғымыз келеді»

Биыл «Танылмаған талант» жобасының іріктеу кезеңіне қатысуға 80 жас өтініш жасаған. Жобаның іріктеу кезеңі ертең Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өтеді. Одан кейін озық шыққан он алты өнерпаз желтоқсанда бақ сынайды. Қазылар алқасы «Үздік ақын», «Үздік әнші», «Үздік аспапта орындаушы», «Үздік биші», «Үздік әзілқой» және «Ерекше өнер иесін» анықтайды.

46132877_255580105115431_5029677222131138560_o

– Бір топ жас болып 2012 жылы «Танылмаған талант» жобасын ұйымдастыруды бастадық. Жобамыз кеңінен қолдау тауып, соңғы екі жыл қатарынан «AQJAIYQ» телеарнасынан көрсетілді. Ең басты мақсатымыз – дарынды жастарды қолдау, сахна мәдениетіне тәрбиелеу, облыстық, республикалық байқауларда шыңдалуына жәрдемдесу. Желтоқсан айында өтетін байқаудың соңғы кезеңіне әр аталымға үш үміткер ғана жолдама алады. Іріктеу кезеңіне қатысуға талантты жастарды шақырамыз. Жеңімпаз болғандарға байқаудан кейін де шығармашылық тұрғыда қолдау білдіреміз. Мұндай жобаны қаржы-қаражат сұрамай-ақ жүзеге асыруға болатынын дәлелдеуміз. Жобаны ұйымдастырушы, өнерге жанашыр жастардың басын қосып, болашақта продюссерлік орталық құрғымыз келеді, – деді Олжас Сейтімов.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале