7.09.2018, 14:34
Оқылды: 98

Омар Жәлел: «Қорқыныш - журналистің индикаторы»

Бұл туралы елімізге белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты,  философ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Омар Жәлел «Жайық Пресс» медихолдингінде «Жұмадағы жүздесу»  жобасы аясында өткен кездесу барысында айтты.

Темирболат Токмамбетов1

         Жергілікті журналистермен жүздесуде ол журналистика, тәрбие, отбасы құндылығы, отбасындағы әйел рөлі жайында әңгіме өрбітіп, сауалдарға жауап берді.

         - Журналист шындықты жазуы керек. Өйткені Абай атамыз: «Жүректі адам деген кім? Жүректі адам ауыр болса да әділетті нәрсені мойындау, жеңіл болса да әділетсіз нәрседен бас тарту» деген. Мақала жазған кезде журналист бойында қорқыныш сезімі болуы керек. Егер сіз мақала жазып отырғанда қорқып отырсаңыз, демек, бұл мақала халыққа пайдалы деген сөз. Қорқыныш - журналистің индикаторы. Бұрын журналист рөлін ақын-жыраулар атқарды. Журналист - билік пен халық арасындағы медиатор. Халық Бұқар жырауды неге сыйлаған? Себебі халықтың мүддесін билікке жеткізіп отырды. Қазіргі журналистер кешегі бабаларымыздың жалғасы деп ойлаймын. Сол принциптерді ұстанған кезде ғана журналистерде бедел болады, - деді Омар Жәлел.

         Ғибратқа толы кездесу соңында «Жайық Пресс» медихолдингінің бас директоры Рауан Сәбитұлы мәртебелі мейманға салиқалы сұхбаты үшін алғыс айтып, ұжым атынан ризашылығын білдірді.

         zhaikpress.kz

Жүздесудің толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» басылымдарының кезекті санынан оқи аласыз

Темирболат Токмамбетов3 Темирболат Токмамбетов5

Темирболат Токмамбетов2

        

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале