31.05.2018, 16:22
Оқылды: 64

«Омега» зауытының бос тұрған ғимараттарында жаңа зауыт салынады

ТБҚО әкімі Алтай Көлгінов мәслихаттың кезекті 17-сессиясында  Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин өткізген жиналыста жергілікті ірі зауыттардың мәселесі көтерілгенін, бірқатар түйткілді мәселелердің шешілгенін жеткізді.

– «Конденсатқа» мұнай ішкі бағамен берілетін болды.  Ол - облыстың өңдеу өнеркәсібіне көрсетілетін қолдау. «Зенит», «Гидроприбор», «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» зауыттарына қосымша мемлекеттік тапсырыс беріледі.  «Омега» зауытының бос тұрған ғимараттарында жаңа зауыт салынады. Мұндай шешімдер өңіріміздің экономикасына қолдау, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуының қарқынды болатыны сөзсіз. Айтылған мәселелер Үкіметтің бақылауына алынған. Алдағы ауқымды шаруаларды бірге орындаймыз, - деді Алтай Көлгінов.

Гүлбаршын Әжігереева

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале