12.05.2018, 18:57
Оқылды: 28

Өнер саңлақтары БҚО-ға келді

received_10211634079979969Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірімізге гастрольдік сапармен келген Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Асанәлі Әшімовті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының директоры Асхат Маемировпен кездесті.
Сахна саңлақтарымен өткен емен-жарқын кездесу барысында облыс әкімі қонақтарға қош келдің айтып, жылы лебізін білдірді.
-Құрметті Асанәлі аға, күні кеше әлемдік деңгейдегі Канн фестиваліне қатысып, Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында елдегі өнерді дүниежүзіне паш етіп жүрсіздер. Қазақ халқының мәртебесін асырған, туған елінің сүйікті актері атанған сіз секілді ағаларымыз бастаған өнер иелерінің өңірімізге келгеніне қуаныштымыз. Сонымен қатар облысымызға гастрольдік сапармен М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының келуі - біз үшін үлкен мәртебе. Бұл сапар өңірдің мәдениетіне, өнер саласына деген үлкен қолдау деп білеміз. Бір апта бойы облыстың бірқатар аудандарында болып, ол жердегі халықты бір қуантып тастадыңыздар. Біздің облыстың халқы өнерді шынайы бағалай біледі. Сондықтан өнерлеріңіз өрге жүзсін, өңірге қош келдіңіздер,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ кездесуге осы өңірден түлеп ұшып, театр және кино саласында елеулі еңбек етіп жүрген Гүлнәр Жақыпова, Данагүл Темірсұлтанова, Назгүл Қарабалина сынды бір топ жерлес әртістер қатысты.
Нұрбек ОРАЗАЕВ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале