28.02.2017, 12:49
Оқылды: 31

Өнер жұлдыздары Оралға келеді

Биыл әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» фестивалін өткізу -жоспардағы жұмыс. Бұл шара биылдан бастап жыл сайын өтпек.


Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, биыл 55 жасқа толатын әлемдік танымал скрипкашы, жерлесіміз Марат Бисенғалиев Оралда концерт береді.

Одан басқа күзде қала күніне Жамбыл атындағы Алматы облыстық филармония ұжымы, әнші Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова сынды жұлдыздар келіп, әнсүйер қауымды өнерлерімен қуантады. Сондай-ақ әйгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаева да концерттік бағдарламамен Оралға ат басын тіремек.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале