Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атты облыстық сайысы өтті.
Отбасы мәртебесін нығайту, қазақ қызына тән мінез–құлықты дәріптеу, салт-дәстүрімізді білу, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өткен шараны облыстық білім басқармасы мен облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды.
Байқауға қалалық және аудандық мектептерінің 9-11 сынып оқушылары өз жеңгелерімен бірге қатысты.
Жеңге мен қайынсіңлінің татулығы мен ынтымағын дәріптеген байқау нәтижесінде Ақжайық ауданынан Аружан Әділхан мен жеңгесі Арайлым Неткалиева I орын, бөрлілік Рената Тажиева мен жеңгесі Арайлым Мұқатова және қазталовтық Жансая Мақсотова мен жеңгесі Айнұр Сұлтанова II орын иеленді.
Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ
zhaikpress.kz