17.03.2017, 21:15
Оқылды: 60

"Өнерлі қыз, өнегелі жеңге"

Screenshot_2017-03-17-18-28-57-1Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атты облыстық сайысы өтті.


 

Отбасы мәртебесін нығайту, қазақ қызына тән мінез–құлықты дәріптеу, салт-дәстүрімізді білу, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өткен шараны облыстық білім басқармасы мен облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды.

Screenshot_2017-03-17-18-28-46-1Байқауға қалалық және аудандық мектептерінің 9-11 сынып оқушылары өз жеңгелерімен бірге қатысты.

Жеңге мен қайынсіңлінің татулығы мен ынтымағын дәріптеген байқау нәтижесінде Ақжайық ауданынан Аружан Әділхан мен жеңгесі Арайлым Неткалиева I орын, бөрлілік Рената Тажиева мен жеңгесі Арайлым Мұқатова және қазталовтық Жансая Мақсотова мен жеңгесі Айнұр Сұлтанова II орын иеленді.

Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале