7.05.2017, 15:33
Оқылды: 15

Өңір басшысы əскери сала қызметкерлерін марапаттады (ФОТО)

received_10209071315192451Бүгін қаламыздағы 5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Ашық есік күні жарияланып, салтанатты шара өтті. Айтулы шараға Ұлы Отан соғысы мен тәжік-ауған соғысының ардагерлері, ішкі істер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Ұлттық ұлан жауынгерлері мен мектеп оқушылары қатысты.


received_10209071314952445 Мерекелік жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысып, Отанымыздың тыныштығын қамтамасыз ету жолында аянбай қызмет етіп жүрген жауынгерлерді төл мерекелерімен құттықтады.

received_10209071314592436- Қадірменді ардагерлер, салтанатты мерекеге жиналған сарбаздар, офицерлер мен құрметті генералдар! Баршаңызды ата-бабамыз аңсаған Отан қорғаушылар күні және ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығымен, Ұлы Жеңіске 72 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасымыз, Жоғары Қолбасшымыз Н.Назарбаев бүгінгі Астана қаласында өткен Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған тарихи парадта да барша халықты ұлы мерекемен құттықтады. received_10209071314792441Сол парадты біздің өңір жұртшылығы да тікелей эфирде тамашалады. Бұл - шынында ата-бабамыз аңсаған тарихи мереке.

Махамбет бабамыздың "Егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай, Ерлердің ісі бітер ме?" деп айтқанындай, ерлердің ісі ел басына күн туғанда сыналады. Біздің әскерлеріміз қандай жағдайға да дайын деп нық сеніммен айта аламыз!

received_10209071314472433Бүгін Елбасымыз "Бізде жау жоқ, біз бейбітшілікті сүйетін елміз, достықты құрмет тұтқан мемлекетпіз! Алыс-жақын шетелдердің барлығымен жоғары дәрежеде әріптестік байланыстамыз" деп атап өткен болатвн. Сондықтан Отан үшін аянбай қызмет етіп жүрген барша сарбаздың еңбегіне жеміс тілейміз, - деді Алтай Сейдірұлы.

received_10209071314832442Бұдан кейін өңір басшысы Оралдағы Ұлттық ұланның қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында өз міндетін мінсіз атқарып жүрген бір топ әскери сала қызметкерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдарын тапсырып, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

received_10209071315032447Құттықтаудан кейін әскери бөлімнің сарбаздары сап түзеп, рота бойынша алаңда салтанатты шеру жасады. Жеке құрамның қатысуымен қол күресінен әскери жаттығулар, 5517 әскери бөлімінің арнайы кинолог мамандары қызметтік иттердің қатысуымен түрлі көріністер көрсетті.

Салтанатты рәсімнен кейін облыс әкімі бастаған топ әскери бөлімнің техникалары мен қару-жарақтарынан жасалған көрмесін тамашалап, жуынгерлер ботқасынан дәм татты.

received_10209071314552435Шара соңында өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды.

Лəззат Шағатай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале