8.05.2017, 13:25
Оқылды: 60

Өңір басшысы ардагерлерді құттықтады (ФОТО)

received_10209077633510405-1Салтанат сарайында облыс әкімі Алтай Көлгінов ҰОС ардагерлерді салтанатты қабылдау шарасын өткізді.


Жиынды ашқан өңір басшы ардагерлерді Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады.

IMG-20170508-WA0042-1-Кеше Астанада Отан қорғаушылар күніне орай өткен әскери парадта Елбасы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтап, біздің бүгінгі бейбіт күнге айырықша үлес қосқандарыңызды атап өтті. Ардагерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда.

IMG-20170508-WA0039Біздің облысымыздан майдан даласына 76 мыңнан аса адам аттанды. Өкінішке орай олардың жартысы оралған жоқ. Ал аман-есен келгендер елді, халық шаруашылығын қалпына келтіруге атсалысты. Міне, осындай батырлықтарыңыз, ерліктеріңіз үшін біз сіздердің алдарыңызда бас иеміз. Дендеріңізге саулық тілей отырып, Ұлы Жеңістің 75 жылдығында осылайша кездесуге жазсын, - деген Алтай Сейдірұлы жиынға келген 37 ардагерге командир сағаты мен гүл тарту етті.

IMG-20170508-WA0047Өз кезегінде сөз алған ҰОС ардагерлері Иван Гапич, Алевтина Митрохина, Қалам Шүйіншәлиев, Ысқақ Өтеповтер майдагерлердің ерлігі, тылдағылардың еңбегі, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық туралы әңгімелеп, бүгінгі әдемі шара үшін өз ризашылықтарын білдірді.

IMG-20170508-WA0040Шара соңы жергілікті өнерпаздардың шағын концертіне ұласты.

Сəкен Əбілхалықов

zhaikpress.kz

received_10209077633070394

received_10209077633270399

received_10209077633790412received_10209077633710410

received_10209077633990417

received_10209077633910415

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале