22.01.2021, 20:33
Оқылды: 198

Өңір басшысы ел чемпиондарымен кездесті

Бүгін өңір басшысы үстел теннисінен облыс құрамасының жаттығуын тамашалады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Қарағандыда жеке-командалық ҚР чемпионаты аяқталған болатын. Онда командалық біріншілікте БҚО ерлер құрамасы алтын медалға ие болды. Біздің спортшылар 3:0 есебімен Қарағанды облысын сенімді түрде жеңіп, алғаш рет ел чемпионы атанды. Чемпионаттың күміс медалын жеңіп алған біздің әйелдер құрамасы да лайықты өнер көрсетті.

D09D7AEF-7FA8-4CBA-B003-0F03C6AA31AB

– Мен сіздерді осы тамаша жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Облыс тарихында алғаш рет ерлер құрамасы республика чемпионатының алтынын жеңіп алды. Өткен жылы облыстың әйелдер құрамасы чемпион атанды. Үстел теннисі дене қозғалысы белсенділігін арттыратын өте қызықты спорт түрі. Ол елімізде жылдан жылға дамып келеді. Шындығына келсек, үстел теннисі кеңінен насиxаттауға лайық спорт түрі. Ол үшін үстел теннисін ойнауға қызығатындар санын арттырып, теннис үстелдерін көптеп орналастыру керек. Ол аса қиынға соқпас, – деді облыс әкімі.

392E4E41-C0AB-42BB-84A7-88309C1EED12

Айта кетейік, БҚО ерлер командасы құрамында 5 спортшы бар: Айдос пен Дастан Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Дамир Мэлсов, Болат Ниетқалиев. Ең жас теннисші 14 жаста. Екі спортшы ұлттық құраманың құрамына кіреді және қазір халықаралық жарыстарға, ақпан-наурыз айларында Катарда өтетін Азия Олимпиадалық іріктеу турниріне дайындалуда.

72510478-2B1C-4FEF-A08A-2824EE0C4DF6

Спортты одан әрі дамыту үшін ең алдымен жәйлі әрі заманауи құралдармен жабдықталған зал қажет.  Үстел теннисі залына қойылатын ерекше талаптарға байланысты қаламыздағы теннис орталығында арнайы жабдықталған орын бөлу мүмкін емес.

4BA096A7-E1E9-4C0F-AC7A-80E27CF93CF9

Облыс әкімі спортшылардың ұсынысын қолдап, облыстық спорт басқармасына зал бойынша мәселенің оңтайлы шешімін дайындауды тапсырды.

2EC19583-0465-4952-9133-D9FC9813A781

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале