22.07.2019, 16:31
Оқылды: 172

Өңір басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

21 шілде, жексенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев Арыс қаласында болды. Әскери бөлімдегі жарылыстардан зардап шеккен қала тұрғындарына бүкіл Қазақстан көмектесуде, құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық аймақтары жұмылдырылған.

3b1a652a-1576-4c11-b958-e06edd762781

Өңір басшысы Батыс Қазақстан облысына бекітілген 11-ші секторда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Онда 705 тұрғын үй бар. Бүгінде 676 үй зерттеліп, тексеруден өтті, бүлінген 610 тұрғын үйге ақаулық актісі жасалды, 66 тұрғын үйге залал келмеді. Қазіргі таңда құрылыс компаниялары 215 баспананы толықтай қалпына келтірді.

Сапар барысында облыс әкімі құрылыс-монтаж жұмыстарын ауыр жағдайда жүргізіп жатқан құрылысшыларға алғысын білдірді. Мұнда құрылыс материалдарын жеткізу жолға қойылды, құрылыс материалдарын қабылдау бойынша қоймалар жасақталды, пластикалық терезелер өндірісі бойынша цехтар жұмыс істеуде.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев сондай-ақ залал келген жеке үйлердің тұрғындарымен кездесті. Бүгінгі таңда әр үйді қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Үйлердің бірі снарядтың түсуінен толық бұзылған. Бұл үйдің иесі облыс әкіміне қираған үйдің орнына жаңа үй салуға көмек пен қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, 11 сектор тұрғындары үшін Батыс Қазақстан облысының штабы белсенді жұмыс істейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале