8.08.2017, 18:49
Оқылды: 24

Өңір мектептеріне 105 мұғалім қажет

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында  облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Гумарованың қатысуымен  облыстағы білім беру ұйымдарының жаңа 2017-2018 оқу жылына әзірлігі туралы  брифинг өтті. 


Брифингте жыл сайын республика көлемінде өткізілетін «Мектепке жол-2017» акциясы туралы да айтылды. Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында  осымен оныншы  рет өткізіліп тұрған аталмыш акция  1 тамыздан бастап,  30 қыркүйекке дейін жалғасады. Биылғы жылы дәстүрлі акция «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізіледі.

Оқу жылының аяғында 105 педагогикалық қызметкерге қажеттілік бар екендігі анықталды. Негізінен ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті, математика пәндерінің мұғалімдері жетіспейді. Аталған қажеттілікті ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жұмысқа кірісетін жас мамандарды қабылдау және зейнеткерлерді жұмысқа тарту, жүктемелерді көбейту есебінен жабу көзделуде.

Гүлжамал Жолдығали

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале