2.03.2020, 12:43
Оқылды: 384

Өңір палуандары намысты қолдан бермеді

Орал қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Михаил Сидоренконың жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир өтті. 

grek rim (1)

Жарысқа Ресей Федерациясының Марий Эл Республикасы, Орынбор, Самара, Саратов қалалары, Ташла, Дмировград, Новосергеевка аудандары мен еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау облыстарынан және өңір аудандарынан келген 400-ден астам палуан қатысты.

grek rim (3)

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуды және грек-рим күресіне деген қызығушылықты ояту мақсатында оздырылған боз кілем бәсекесінің ашылу салтанатына жарыс иесі Михаил Сидоренко, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасыр Көпжан Тұрлыбеков, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Жанболат Аманғалиев, облыстық мәслихат депутаты Аветик Амирханян келді. Қонақтар палуандарға сәттілік тілеп, бағы мен бабы келіскен мықтылар жеңіске жетсін деген тілектерін білдірді.

Екі күнге созылған жас палуандар бәсекесінің қорытындысында жалпыкомандалық үшінші орын Ақтөбе облысының палуандарына бұйырса, екінші орын РФ Орынбор қаласының спортшыларына, ал бірінші орынды БҚО палуандары жеңіп алды.

Түгелбай БИСЕН

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале