4.10.2019, 20:36
Оқылды: 308

Өңірде 12 инвест жоба сəтті жүзеге асуда

Бүгін облыс əкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жəне инветорлар тартуды жетілдіру тақырыбында кеңес отырысы өтті.

WhatsApp Image 2019-10-04 at 16.05.51

Бас қосуда кəсіпкерлікті басқару жəне индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Мақсат Құланбаев алдыңғы кеңес отырыстарында мақұлданған инвест жобалардың іске асу жайы туралы баяндады.

WhatsApp Image 2019-10-04 at 16.05.55 (1)

Сонымен қатар кеңесте сөз алған "СПК "Орал" АҚ-ның атқарушы директоры Дияс Жəнібеков инвесторларға қызмет көрсету орталығы тарапынан инвестиция тарту бағытындағы жасалып жатқан істер турасында баяндады.

WhatsApp Image 2019-10-04 at 16.05.50

Сондай-ақ аталған бас қосуда "ПСП "Серік" ЖШС ұсынған қонақ үй кешені мен бизнес орталығын салу жобасы мақұлданды.
Кеңесті қорытындылаған өңір басшысы инвестициялық жобалардың біздің өңір үшін маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмысты жетілдіре түсу керектігін атап өтті.

-Осы кезге дейін мақұлданған 14 жобаның 12-сі сəтті жүзеге асуда. Оларға жергілікті билік тарапынан барынша қолдау көрсететін боламыз. Қалған екі жоба белгілі себептермен уақытша кідірісте. Бүгін де өңіріміздің əлеуеттік жағдайын арттырып, шаһарымыздың көркін аша түсетін тағы бір жобаны мақұлдадық. Облысқа инвестиция тарту жұмыстары басты назарда болмақ,-деді Ғали Есқалиев.

Нұрбек Оразаев

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2019-10-04 at 16.05.55WhatsApp Image 2019-10-04 at 16.05.49WhatsApp Image 2019-10-04 at 16.05.56WhatsApp Image 2019-10-04 at 16.05.48

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале