12.04.2017, 17:56
Оқылды: 39

Өңірде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асуда

Бағдарламаны іске асыруға облысқа 3539,8 млн.теңге қаражат қарастырылды, деді облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарламаның 1-бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 800 адамды оқыту жоспарлануда. Сонымен бірге, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша 677 адамды қысқа мерзімді оқыту көзделуде.

- Бағдарлама бойынша өңірімізде техникалық және кәсіптік біліммен 4 мың (жыл сайын 800 адамнан), қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 5 мыңға жуық адам қамтылатын болады. Жобаны іске асыру үшін жұмысшы мамандықтар даярлайтын колледждердің мүмкіндігін пайдалану қажет.

Аталмыш бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты екінші бағыты бойынша да өңірімізде оң істер атқарылуда. Қазіргі таңда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 5 ауданнан (Ақжайық, Жаңақала, Қазталов, Зеленов, Теректі) жеке кәсіп ашсам деген 937 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде. Сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысам деп ниет білдірген 374 (ауыл, қала) азаматқа 1768,7 млн. теңге бөлу мәселесі қарастырылуда, деді М.Тоқжанов.

Гүлжамал Жолдығали

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале