8.08.2017, 18:42
Оқылды: 16

Өңірімізде тағы тоғыз мектеп бой көтерді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Гумарованың қатысуымен облыстағы білім беру ұйымдарының жаңа 2017-2018 оқу жылына әзірлігі туралы брифинг өтті.


Зәуре Базарғалиқызының айтуынша, жаңа оқу жылы мектептерде 2 қыркүйек күні басталады. Биылғы жаңа оқу жылында 381 орта білім беретін мектеп жұмыс жасап, 94 мыңнан астам оқушы білім алады деп болжануда. Оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуіне орай үш бастауыш мектеп жабылған.

Болжам бойынша 1сыныпқа 11 800 ден астам оқушы келеді деп күтілуде. 2017 жылы жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін 2334,9 млн.теңге бөлінді.
Өңіріміздегі 12 білім беру нысанына жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 1241,0 млн. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жүргізілуде. Қазіргі таңда бес білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Орал қаласындағы №8 «Сказка» мектепке дейінгі ұйымы мен Теректі ауданының Сарыөмір ауылындағы Есенжанов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары шарт бойынша қараша-желтоқсан айлары аяқталуы тиіс.

Биылғы жылы білім ошақтарының қатары су жаңа 9 мектеппен толыспақ. Дәл қазіргі уақытта Ұлттық қор есебінен Зашаған кенті, Сарытау шағын ауданындағы 900 орындық, Деркөл кентінде әрқайсысы 600 орындықтан екі мектеп, Орал қаласындағы апатты жағдайдағы №4 мектептің ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Зеленов ауданы, Дариян ауылында 100 орындық интернатымен салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысына республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Қазталов ауданы, Қазталов ауылындағы мектеп жанындағы 100 орындық интернат пен Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ауылындағы 50 орындық балабақшаға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген. Шетелдік инвеститция есебінен Бөрлі ауданы, Аралтал ауылында 300 орындық, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылында 198 орындық мектептің құрылыстары жүргізілуде.

Барлық білім мекемелеріне күзгі, қысқы жылыту маусымына қажетті қатты отынға тапсырыс беріліп келісімшарт жасалған. Қазіргі күнде отынды тасымалдау жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда.
Білім мекемелерінің жылу жүйелері 71 пайыз тексерістен өткізіліп, жұмыстар ары қарай жалғасуда.

Гүлжамал Жолдығали
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале