6.08.2020, 19:19
Оқылды: 113

Өңірлік кеңестің кезекті отырысында бес жобаға бата берілді

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен өткен инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысында ауқымды бес жоба мақұлданды.

00305E63-2AE4-40F2-B350-41D35C873565

Онлайн форматта өткен кеңесте облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Бекетов өңірге тартылған инвестициялық жобалардың жүзеге асуы туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, жыл басынан бері төрт кеңес отырысы өткізіліп, 13 инвестжоба мақұлданған. Жүзеге асады деп күтілген жобалардың жалпы құны 40,2 млрд. теңгені құрайды. Жоспарланған жобалар сәтті жүзеге асқан күнде 700-ге жуық жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Бүгінде 12 жоба жоспарға сәйкес өз жұмысын бастаған болса, бір жоба елдегі жағдайға байланысты 1,5 жылға кейінге ысырылған.

6879AB96-2357-44D5-A192-3F5E91EC0055

Өңірімізде тұрақты түрде көкөніс, соның ішінде картоп өсірумен шұғылданып келген «Рубцов А.А» жеке кәсіпкерлігі егіс ауқымын кеңейтуге ниет білдірді. Айта кетейік, аталған кәсіпорынның өнімдері бүгінде тек біздің өңірді қамтып қана қоймай, артылғаны көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарына жөнелтілуде. Кәсіпорын жетекшісі агроөндіріс кешенінің аумағын арттырып, көкөніс дақылдарын көптеп өсіріп, оны сақтайтын қоймалар санын кеңейтіп, өңдеу бағытын күшейткісі келетіндігін айтты. Бұл бағытқа кәсіпорын өз қаржысы және несиелендіру көздерінен 1500 миллион теңге қаржы жұмсамақ. Картоп, сәбіз, қызанақ өсіру аумағын кеңейткен жағдайда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жоба мақұлданса келер жылы көкөніс егетін жер бапталып, 2023 жылы өндіріс толық қуатына көшетін болады. Тың жобаны жүзеге асыру үшін жеке кәсіпкерге өз жер телімдеріне көршілес орналасқан иесіз жатқан жерлерден 1085 гектар жер қажет екен.

164F0AA9-E02D-4C5C-AEF7-5B7193A7ECB4

Ал «Автогаз Трэйд» ЖШС «Сырым» өткізу бекеті маңынан заманауи жанармай бекеті кешенін салуға ниетті. Аталмыш кешен аумағында сегіз адамға шақталған демалыс орыны, дәмхана мен шағын маркет орналаспақ. 24 адамды жұмыспен қамтитын жобаның жалпы құны 600 млн. теңге. Кеңес мүшелері алдында сөз алған кәсіпорын өкілі кешеннің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын екендігін айтып, аталған маңнан құрылыс жүргізу үшін бір гектар жер телімін бөлуді өтінді.

3B9C5226-600C-49F7-BF25-AA4DFAE548C9

Кеңес отырысына өз жобасын ұсынған «West Agro Food» ЖШС жетекшісі Азамат Бисенов жылына 5 000 тонна картоп өсіріп, одан шыққан өнімнен жартылай өңделген өнімдер даярлау жобасын ұсынды. Жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын жоба үш кезеңмен жүзеге аспақ. Егіс баптауға 21 адам тұрақты жұмысқа алынса, өнім жинау кезінде 70 адамды уақытша жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар көкөніс қоймасына 15, жартылай өңделген өнімдер даярлау цехына жеті адамды жұмысқа алмақ. Аталған жобаға кәсіпорын өз қаражатымен қоса несие көздерінен қаржылай қолдау сұрамақшы. Тың жобаны таныстырған компания өкілі Теректі ауданы, Ақжайық шипажайы маңынан 450 гектар жер телімін беруді өтінді.

7E557229-9FF5-414B-AF34-751A5E82D018

Онлайын кеңесте «Kaz Meat idusty» компаниясының да жаңа жобасы тыңдалды. Аталған кәсіпорын Сырым ауданы, Тоғанас ауылы маңынан 40 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңының құрылысын жүргізбек. Құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жоба 150 адамды жұмыспен қамтуға есептелген. Компания негізінен «Романов» тұқымдас қойын өсіруді көздеп отыр. Аналық мал есебінен алынған төлді бордақылап, сапалы қой етін нарыққа шығармақшы. Ол үшін кәсіпорынға аталған ауыл маңынан 7850 гектар жер керек екен. Оның 850 гектарын мал азығын дайындау үшін суармалы алқап ретін қолданбақ.

C7CA3757-A739-482E-BCEC-B354AB1400A4

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы «Global Tradeand Services» ЖШС ғимарат ішне және көшеге орнатуға арналған жарықшамдарын шығару жобасын ұсынды. Жобаның құны 300 миллион болса, оның 200 милионы кәсіпорынның өз қаржысы. Қалған қаражат несие арқылы алынбақ. Жылына 3600 дана жарық шамдарын өндіретін кәсіпорын 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Жобаны сәтті жүзеге асыруға кәсіпорынға бір гектар жер телімі қажет.

24F06A8A-D316-41FC-9489-F25A3CB7AD61

Кеңес мүшелері әр жобаға қатысты өз сауалдарын қойып, ойларын ортаға салып, кәсіпкердің ұсынысын бір ауыздан қолдады.

-Бүгінгі отырыста ұсынылған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға және халыққа қызмет көрсетуге бағытталғандығын көріп отырмыз. Елдегі ахуалға байланысты елдің экономикасы құлдырай бастағаны да жасырын емес. Бұл жағдай бізге мұнай-газ саласын ғана дамытып отырудың тиімсіз екендігін дәлелдей түскендей. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытуға аса назар аударуымыз керек. Себебі бұл саланың өніміне деген сұраныс та күн санап артып келеді. Біздің өңірімізде осы бағыттағы ауқымды жобалардың жүзеге асатыны қуанышты жағдай. Бұл облысымыздың дамуына да тың серпін бермек. Біз бүгін 3 миллиард 700 миллионның жобасын мақұлдадық. Бұл жобалар сәтті іске асқан күнде жүздеген жаңа жұмыс орыны ашылатын болады. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін біздің тарапымыздан айтылған қолдаулар көрсетіледі,- деді кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале