2.06.2017, 23:28
Оқылды: 61

Орал-Ақсай жолындағы ірі жол апаты үш адамның өмірін қиды ( ФОТО, ВИДЕО))

IMG-20170602-WA0118

Орал-Ақсай тасжолының 77-ші шақырымында үш адамның өмірін қиған жол апаты болды.


Бір-біріне қарсы келіп соғылған қос "Фольксваген Шаран" көлігінде 12 адам болған. Олардың үшеуі ( 1 ер, 2 әйел) оқиға орнында жан тапсырған. Қаза болғандардың IMG-20170602-WA0119екеуі қызыл түсті Шараннан (мемнөмірі 106DAA07 )- жүргізушісі жəне жолаушысы. Көк Шарандағы тағы бір жолаушының өмірі жол үстінде үзілген. Қалған 9 адам Ақсай қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілген. IMG-20170602-WA0113Аурухананың бас дəрігері Жұмабек Шайхиевтің айтуынша, жеткізілген жолаушылардың біреуінің іш құрылысына ота жасалған, жағдайы ауыр, қазір жансақтау бөлімінде. Қалғандарының өміріне төніп тұрған қауіп жоқ деп айтуға болады.
IMG-20170602-WA0115Оқиға орнына жеткен сайт тілшісі жол апатының куəгерлерімен тілдесуге мүмкіндік алды.
- 163ELA07 нөмірлі Шаранның жүргізушісі танысым еді. Менің артымда келе жатқан. Қарсы алдымнан зу етіп өте шыққан қызыл Шаранды да көрдім. Жол IMG-20170602-WA0114апаты болған екен. Меніңше, қызыл көлік жолдағы шоқалақтан қашамын деп осындай жағдайға тап болған сияқты. Немесе шұңқырға соғып алып, доңғалағы жарылған болуы мүмкін, - деді оқиға куəгері.
Оқиға орнында қарсы бағытқа шыққан көлік ізі асфальтты сызып ап-анық көрініп жатыр. Оралды бетке алған көк көлік жолдың жиегіне қарай бұрылса да, соққыдан аман қалмаған.
zhaikpress.kz

IMG-20170602-WA0132

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале