15.08.2017, 17:03
Оқылды: 19

Орал-Атырау тасжолындағы көлік апатынан бір адам қайтыс болды

Тамыздың 13-і кешкі сағат тоғыз шамасында Орал-Атырау тасжолының 133 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді.


«Volksvagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, көлігінің артқы сол жақ дөңгелегінің істен шығуына байланысты қарсы бағытқа шығып кеткен. 1970 жылғы тұрғынның басқаруындағы «HYUNDAI SANTAFE» маркілі автокөлігімен соқтығысқан. «Volksvagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі Ақжайық аудандық аураханасына жатқызылып, екінші автокөліктің жолаушысы 1985 ж.т. азаматша сол ауруханада көз жұмды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале