10.07.2020, 11:25
Оқылды: 82

Орал қалалық мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды

      ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітіне Қуан Армат ұстаз қызметіне тағайындалды.

FA37D35F-FA52-40C6-A341-175B749C459C

   Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы жаңадан келген Қуан Құлымбетұлын мешіттің қызметкерлері алдында қызметке тағайындап, ұжымға таныстырды.

   Қуан Құлымбетұлы 1997 жылы БҚО, Теректі ауданы, Бозай ауылында дүниеге келген. Ақжайық өңірінің тумасы. Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университетінің 2020 жылғы түлегі.

Өкілдік тарапы Қуан Құлымбетұлына асыл дініміздің жолында аянбай қызмет етіп, сауапты һәм жауапты мамандықта нәтижелі жұмыс, ырыс-береке тіледі. 

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале