8-707-808-48-55
29.08.2018, 13:33
Оқылды: 879
Орал қаласы әкімінің аппаратында - жаңа басшы

КаримовКонкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Каримов Ерболат Нұрланұлы тағайындалды.

Білімі - жоғары. А.Пушкин атындағы ОПИ-ді құқық және экономика пәнінің мұғалімі мамандығында, Қазақ-орыс халықаралық университеті юриспруденция бакалавры мамандығында оқыды.

Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас маманы, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік-құқықтық меңгерушісі, Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерінде болған.

Бүгінге дейін Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру