13.08.2019, 14:51
Оқылды: 351

Орал қаласында соңғы екі жылда не өзгерді?

Кеше Орал қаласының әкімі ауысты. Мұрат Рахметұлы Мұқаев Орал қаласының әкімі ретінде 2 жылдан астам уақыт қызмет етті.


 

mukaev (11)

Әрине, 2 жыл ауқымды өзгерістер енгізіп, қаланы адам танымастай өзгертетіндей уақыт емес. Алайда бұл уақыт ішінде, яғни Мұрат Мұқаев әкім болған тұста еліміздің Батыс қақпасы саналатын шаһарда оң өзгерістер мол болды. Атқарылған ең басты жұмыстарға тоқталсақ.

 

Жер учаскесін жалға беру арқылы қала қазынасына қаржы қосылды

 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 210 миллион теңгеден астам соммаға 79 жер учаскесін (12,7967 га) жалға беру құқығын сату бойынша 12 аукцион өткізілді. Электронды аукцион - жемқорлықтың жолын кесуге бағытталып, нәтижесін берген бастама болды. Коммерциялық мақсаттағы 56 жер учаскесінен (10 га) қалалық бюджетке 107 601 685 теңге қаржы өндірілді.

mukaev (1)

 

 Бюджет ұлғайды

 2019 жылдың 1 тамызындағы қала бюджеті 52 435,8 млн.теңгені құрайды, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңінен (31 084,9 млн.теңге) 68,7% -ға көп. Айырмашылық 21 350,9 млн.теңге .

Қаладағы мемлекеттік бюджетке түскен кірістің жалпы сомасы 45,4 млрд теңгені құрады.

mukaev (9)

135 көше жөнделді

 Орал қаласындағы жолдардың жалпы ұзындығы - 616 км, асфальтбетон төселген (422, 4 км), асфальтталған (193,6 км)

Соңғы 3 жылда қалада құны 18 млрд теңге болатын жалпы ұзындығы 145 км құрайтын 135 көшенің жолы жөнделді.

"Депо" көпірі жаңартылып, "Омега" зауыты маңындағы көпірді қайта салу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа шағынауданның құрылысы басталды

"Ақжайық" шағынауданының құрылысы басталып, инженерлік инфрақұрылым жүргізіле бастады. Бұл шағынауданда 150 көпқабатты үй салынып, 50 мың тұрғын қоныстанады деп жоспарланды.

 

mukaev (2)

 

Спорт нысандары көбейді

Орал қаласында соңғы үш жылда 5 стрит воркаут, 7 спорт алаңы, 14 спорт кешені салынды. Сонымен қатар ағымдағы жылы 31 спорт алаңы жөнделді.

 

«Ашық әкімдікте» түйінді мәселелер шешілді

 Тұрғындардың мәселелерін ашық талқылап, түйінді мәселені бірлесе шешетін «Ашық әкімдік» шарасы дәстүрлі түрде өткізіліп, әкімнің жеке қабылдауында мыңдаған тұрғын болды. Тұрғындардың билікке деген сенімі нығайып, етене байланыс орнатуы үшін Орал қаласының әкімі қызметінде Мұрат Мұқаев Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Ол жерде шаһар басшысы Орал қаласына қатысты жаңалықтармен бөлісіп, атқарылып жатырған жұмыстар желісін көрсетіп отырды.

mukaev (10)

64 аула мен 5 саябақ абаттандырылды

 2017-2019 жылдар аралығында Орал қаласында 64 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт жабыны төселіп, балалар ойын алаңдары салынған болатын.

Осы жылдар ішінде қала аумағындағы 5 саябақтың абаттандырылуы жүзеге асты.

 

ТҮКШ-тегі жаңғыртулар

 Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бағдарламасы аясында да ауқымды істер атқарылды. 2017-2019 жылдар аралығында Орал қаласында 12 жеделсаты ауыстырылып, 10 үйдің шатыры күрделі жөндеуден өтті. Өткен жарты жылдықта 3 үйге күрделі жөндеу жасалды.

mukaev (15)

mukaev (8)

mukaev (5)

mukaev (3) mukaev (17)mukaev (6)

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале