12.11.2019, 12:39
Оқылды: 122

Орал қаласында тұрғындар саны жыл сайын 5-7 мыңға көбейіп келеді

Сондықтан басқа қалалардағыдай Оралда да баспана мәселесі өзекті. Үй кезегінде 20 мыңнан астам адам тұр. Апатты үйлерді бұзып, орнына көп қабатты үйлер салу арқылы да біртіндеп тұрғын үй мәселесі шешілуде. Бұл жайлы Нұр-Сұлтан қаласында өткен орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты.

Бұзылған апатты үйлердің тұрғындарына сол жерде жаңадан салынған үйлерден бұрынғы өзінің үйі көлемімен бірдей жаңа пәтер беріледі.

ui

2015 жылдан бері осылай жалпы саны 191 пәтері болған 17 апатты үй сүріліп, орнына жаңа көп қабатты үйлер бой көтерді. Мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы инвесторлар апатты үйлердің орнына 900 пәтер салуда.

-Көптеген бюджет қызметкерлері арендалы үйде тұрып жатыр. Бұл мәселені шешу үшін ауқымды девелоперлік жоба жасақталды. Орал қаласында жалпы көлемі 425 гектар болатын, 50 мың тұрғынға шақталған «Ақжайық» шағынауданының құрылысы басталды.

Жобаның бірінші кезеңі бойынша 12 тұрғын үй кешенінен тұратын 2 квартал мен коммерциялық ғимараттар салынады. Тұрғын үйлердің бірінші қабаттарына әлеуметтік нысандар – балабақшалар мен емханалар орналасады, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале